https://sputnik.kz/20240713/sharlapaev-batys-qazaqstanda-salynyp-zhatqan-uyler-men-sayazhaylardy-tekserdi-45637118.html
Шарлапаев Батыс Қазақстанда салынып жатқан үйлер мен саяжайларды тексерді
Шарлапаев Батыс Қазақстанда салынып жатқан үйлер мен саяжайларды тексерді
Sputnik Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында 5 927 тұрғын үй және саяжай зақымданған 13.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-13T19:32+0500
2024-07-13T19:32+0500
2024-07-13T19:32+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1107/35/11073576_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0e8ec6f279a5a4ad96c436afcd1557d1.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс жұмыстарының барысын тексеру үшін тағы да Батыс Қазақстан облысында барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Жұмыс сапары аясында ол Қаратөбе ауданы Қоржын, Сырым ауданындағы Жымпиты, Бұланты және Өлеңті, Теректі ауданындағы Аңқаты және Подстепное ауылдарында салынып жатқан үйлерді аралады.Батыс Қазақстан облысында 5 927 тұрғын үй және саяжай зақымданған. Техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 1 383 нысан ғана жарамды деп танылған. Сонымен қатар, 922 отбасы жөндеу жұмыстарына қаражат алды. Қазіргі уақытта 775 тұрғын үй салынуда, сонымен қатар 2 248 тұрғын үй немесе пәтерді сатып алу жоспарланса, оның 871 пәтер сатып алынды.Шарлапаев 775 үйдің құрылысын тексерді, оның 34 тұрғын үйі Орал қаласында, 401 тұрғын үйі ауылдық жерлерде орналасқан. Министр Бөрлі ауданында 60 тұрғын үйдің, Теректі ауданында 131 тұрғын үйдің, Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үйдің, Бәйтерек ауданында 6 тұрғын үйдің, Сырым ауданында 114 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарын аралады.401 үйдің құрылысына 30-ға жуық компания қатысатынын айта кеткен жөн. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі жоспарланған ауқымның 50 пайызынан асты, жұмыстарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.Сонымен қатар, министр мұнай мен газды өндіру мен өңдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеу және шығарумен, мұнай мен газды тасымалдауға арналған энергетикалық жабдық, күрделі металл құрылымдары, құрылыс жабдықтары, басқа да машина жасау өнімдерін өндірумен айналысатын "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-ға барды. Кәсіпорынның тауарлары Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Алжир, Әзірбайжан және т.б. елдерге де экспортталады.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/35/11073576_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_b8cd0808c2832cb3557766306c53fc2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Шарлапаев Батыс Қазақстанда салынып жатқан үйлер мен саяжайларды тексерді
Батыс Қазақстан облысында 5 927 тұрғын үй және саяжай зақымданған
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс жұмыстарының барысын тексеру үшін тағы да Батыс Қазақстан облысында барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары аясында ол Қаратөбе ауданы Қоржын, Сырым ауданындағы Жымпиты, Бұланты және Өлеңті, Теректі ауданындағы Аңқаты және Подстепное ауылдарында салынып жатқан үйлерді аралады.
Батыс Қазақстан облысында 5 927 тұрғын үй және саяжай зақымданған. Техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 1 383 нысан ғана жарамды деп танылған. Сонымен қатар, 922 отбасы жөндеу жұмыстарына қаражат алды. Қазіргі уақытта 775 тұрғын үй салынуда, сонымен қатар 2 248 тұрғын үй немесе пәтерді сатып алу жоспарланса, оның 871 пәтер сатып алынды.
Шарлапаев 775 үйдің құрылысын тексерді, оның 34 тұрғын үйі Орал қаласында, 401 тұрғын үйі ауылдық жерлерде орналасқан. Министр Бөрлі ауданында 60 тұрғын үйдің, Теректі ауданында 131 тұрғын үйдің, Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үйдің, Бәйтерек ауданында 6 тұрғын үйдің, Сырым ауданында 114 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарын аралады.
401 үйдің құрылысына 30-ға жуық компания қатысатынын айта кеткен жөн. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі жоспарланған ауқымның 50 пайызынан асты, жұмыстарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, министр мұнай мен газды өндіру мен өңдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеу және шығарумен, мұнай мен газды тасымалдауға арналған энергетикалық жабдық, күрделі металл құрылымдары, құрылыс жабдықтары, басқа да машина жасау өнімдерін өндірумен айналысатын "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-ға барды. Кәсіпорынның тауарлары Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Алжир, Әзірбайжан және т.б. елдерге де экспортталады.