Қоғам

Қазақстанда қай қызмет саласында құқық бұзушылықтар жиі жасалғаны белгілі болды

© Sputnik/Ертай СарбасовСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2024
Жазылу
Әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа көбірек бейім
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жартыжылдық алқасында хабарланғандай, биылғы жылы агенттік 876 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
"Анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігін пара алу (439 немесе 65%), жымқыру (186 немесе 28%) және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (46 немесе 7%) құрайды. Әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа көбірек бейім. Қауіпті салалар қатарында білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бар", - делінген хабарламада.
Басқарма басшысы А.Жұмағали атап өткендей, агенттік сандық емес, сапалық көрсеткіштерге, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жасалған қылмыстық әрекеттерді әшкерелеуге қатысты көрсеткіштерге назар аударады.
"Анықталған қылмыстарды жасағаны үшін 592 адам сотталды, оның 107-сі – бұрынғы министрлер, вице-министрлер, комитет төрағалары, облыс басшылары", - деді ведомстводағылар.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа, сондай-ақ бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Жаңалықтар
0