Әлем

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

Димаш Құдайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2024
Жазылу
2020 жылы Димаш "Авангард" фильміне "Happy" саундтрегін орындаған
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа "Аңыз" атты фильмі прокатқа шықты, деп хабарлады әншінің сайты.
Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Бұл махаббат" саундтрегі шырқалады. Трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты.

"Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильм археолог Джек және оның өз шәкірттерімен бірге түс әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды", - деп жазылған хабапрламада.

"Бұл махаббат" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген "Оскар" сыйлығының музыкалық төрешісі, маэстро Нейтан Ванг жазған. Жаңа ән Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.
Жаңалықтар
0