https://sputnik.kz/20240713/chekhiya-bas-shtabynyn-basshysy-ukrainadagy-qaqtygysqa-qatysty-pikir-bildirdi--45630312.html
Чехия Бас штабының басшысы Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
Чехия Бас штабының басшысы Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. НАТО саммитінен кейін Американың Хьюстон қаласына келген Чехия армиясы Бас штабының басшысы Карел Ржегка Украинадағы қақтығыстың... 13.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-13T13:25+0500
2024-07-13T13:25+0500
2024-07-13T13:46+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
чехия
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45112246_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_fd5f7318aef050d18e5abd1e624f4377.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. НАТО саммитінен кейін Американың Хьюстон қаласына келген Чехия армиясы Бас штабының басшысы Карел Ржегка Украинадағы қақтығыстың нәтижесі "Ресейдің Еуропадағы мінез-құлқына" байланысты екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости. Ржегка Хьюстонға саяси пікірталастарға қатысу үшін Вашингтондағы НАТО саммиті аяқталғаннан кейін келді, ол чех делегациясының құрамында болды. "Ржегканың айтуынша, Украинаны қолдау бүкіл Еуропаны қорғау үшін қажет. Соғыстың нәтижесі Ресейдің Еуропадағы бұдан әрі мінез-құлқын анықтайды. Ресейдің НАТО-ға ықтимал агрессиясына келетін болсақ, жақын арада мұндай белгілер немесе ескертулер жоқ, бірақ НАТО-мен ықтимал қақтығысқа ұзақ мерзімді дайындық туралы ескертулер бар", - деп ЧТК агенттігі Чехия Бас штабы басшысының сөздерін келтіреді. Ржегка Ресейдің әлемнің басқа аймақтарындағы рөліне де назар аударды. Батыс елдері Африкадағы ықпалын жоғалтып жатқанын, ал Ресейдің ол аймақтағы белсенділігі артып жатқанын маусым айында ЕО әскери штабының басшысы генерал-лейтенант Микель ван дер Лаан да мәлімдеді. Сонымен қатар шілде айында Вашингтонда өткен альянс саммитінде НАТО мүшелерінің бірлескен мәлімдемесінде НАТО аймақтағы "бейбітшілікті қолдау" мақсатында Таяу Шығыс пен Африкадағы ықпалын күшейтуді мақсат етіп отырғаны айтылған. Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында мәлімдегендей, батыс саясаткерлері елдегі ішкі мәселелерден назарды басқа жаққа аудару үшін өз халқын ойдан шығарылған ресейлік қауіппен үнемі қорқытады. Ресейлік президент Мәскеудің НАТО елдеріне шабуыл жасамайтынын, мұның еш мәні жоқ екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.
ресей
чехия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45112246_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_eeee91b046d6a519f88c120f1d88278b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, чехия
Чехия Бас штабының басшысы Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
13:25 13.07.2024 (жаңартылды: 13:46 13.07.2024) АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. НАТО саммитінен кейін Американың Хьюстон қаласына келген Чехия армиясы Бас штабының басшысы Карел Ржегка Украинадағы қақтығыстың нәтижесі "Ресейдің Еуропадағы мінез-құлқына" байланысты екенін айтты, деп хабарлады
РИА Новости.
Ржегка Хьюстонға саяси пікірталастарға қатысу үшін Вашингтондағы НАТО саммиті аяқталғаннан кейін келді, ол чех делегациясының құрамында болды.
"Ржегканың айтуынша, Украинаны қолдау бүкіл Еуропаны қорғау үшін қажет. Соғыстың нәтижесі Ресейдің Еуропадағы бұдан әрі мінез-құлқын анықтайды. Ресейдің НАТО-ға ықтимал агрессиясына келетін болсақ, жақын арада мұндай белгілер немесе ескертулер жоқ, бірақ НАТО-мен ықтимал қақтығысқа ұзақ мерзімді дайындық туралы ескертулер бар", - деп ЧТК агенттігі Чехия Бас штабы басшысының сөздерін келтіреді.
Ржегка Ресейдің әлемнің басқа аймақтарындағы рөліне де назар аударды.
"Біз Ресейдің тек Еуропадағы әрекеттеріне назар аудармауымыз керек, біз басқа аймақтарға да зер салуымыз керек. Ресейдің қазір Африкадағы әрекеттері қатты алаңдатады", - деді Ржегка.
Батыс елдері Африкадағы ықпалын жоғалтып жатқанын, ал Ресейдің ол аймақтағы белсенділігі артып жатқанын маусым айында ЕО әскери штабының басшысы генерал-лейтенант Микель ван дер Лаан да мәлімдеді. Сонымен қатар шілде айында Вашингтонда өткен альянс саммитінде НАТО мүшелерінің бірлескен мәлімдемесінде НАТО аймақтағы "бейбітшілікті қолдау" мақсатында Таяу Шығыс пен Африкадағы ықпалын күшейтуді мақсат етіп отырғаны айтылған.
Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында мәлімдегендей, батыс саясаткерлері елдегі ішкі мәселелерден назарды басқа жаққа аудару үшін өз халқын ойдан шығарылған ресейлік қауіппен үнемі қорқытады. Ресейлік президент Мәскеудің НАТО елдеріне шабуыл жасамайтынын, мұның еш мәні жоқ екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.