Қоғам

Беларусь 2025 жылы "Достастық балалары" форумын өткізуге дайын

© МПА СНГ"Достастық балалары" форумы
Достастық балалары форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2024
Жазылу
Беларусь Республикасы Кеңесінің Төрағасы Наталья Кочанова ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ПАА) тең ұйымдастырушысы болып табылатын "Достастық балалары" Х халықаралық мәдени-ағартушылық форумын 2025 жылы өз елінің аумағында өткізуді ұсынды
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Кочанова 12 шілдеде Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенконың төрағалығымен БРИКС X Парламенттік форумы аясында өткен ТМД ПАА Кеңесінің отырысы барысында сөз сөйледі, деп хабарлайды "СенатАқпарат".
Матвиенко "Достастық балалары" форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсетуге және оған назар аударуға уәде берді.

"Біз бұл жобаны жалғастырамыз, бұл өте пайдалы және тиімді жоба", - деді ол.

"Балалар достастығы – біз біргеміз!" ұранымен "Достастық балалары" IX Халықаралық мәдени-ағартушылық форумы 2024 жылдың 25 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтті, 2013 жылы бірінші форум да дәл осы жерде өткен. Іс-шараның ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен ТМД ПАА және Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші ұйымдастырды.
Бұған дейін Санкт-Петербургте өткен БРИКС парламенттік форумында бірауыздан декларация қабылданғаны хабарланған болатын. Санкт-Петербургте өткен форумның жабылу салтанатында жоғарғы палата спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, құжат нақты әрі мазмұнды болып шықты.
X Парламентский форум БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
БРИКС парламенттік форумында декларация бірауыздан қабылданды
Жаңалықтар
0