Солтүстік Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқығы бұзылған

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАрхивное фото капельницы
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Жазылу
Медициналық ұйымдар мүгедектікті анықтау үшін қатерлі ісікпен ауыратын 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген
АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқытары өрескел бұзылған, деп хабарлайды облыстық прокуратурасы.
Бұл факт денсаулық сақтау саласындағы талдау кезінде анықталды.
"Медициналық ұйымдар мүгедектікті анықтау үшін қатерлі ісікпен ауыратын 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген", - дейді ведомство.
Қадағалау органының актісімен азаматтарға мүгедектік белгіленді, нәтижесінде олар әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалана алады және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізеді.
Ал заңды белден басқан екі бірдей маман жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0