Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады

© Photo : Unsplash / NOAAМайский дождь
Майский дождь - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Жазылу
Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады және жел күшейеді деп болжануда
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" 13-15 шілдеге ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше алдағы күндері Қазақстанның ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді.
"Өткінші жаңбыр жауады, тек еліміздің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында және солтүстік-батысында, 13 шілдеде батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады және жел күшейеді деп болжануда.
Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендеуі мүмкін, қалған аумақтарда күрт өзгеріс болмайды.
Жаңалықтар
0