https://sputnik.kz/20240712/qazaqstanda-plastmassa-buyymdarynyn-ondirisi-bir-zhylda-7-ga-qysqardy-45611972.html
Қазақстанда пластмасса бұйымдарының өндірісі бір жылда 7%-ға қысқарды
Қазақстанда пластмасса бұйымдарының өндірісі бір жылда 7%-ға қысқарды
Sputnik Қазақстан
Негізгі өндіріс үш аймақта, яғни Алматы облысында, Астанада және Алматыда шоғырланған 12.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-12T13:33+0500
2024-07-12T13:33+0500
2024-07-12T13:33+0500
пластик
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18899104_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_4a88bb8791c054e49c574fabfb1d4fb0.jpg
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларының аяғында елімізде 149,2 млрд теңгеге пластикалық бұйымдар өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 6,5%-ға аз, деп хабарлады energyprom.kz.Өңірлер бойынша ең көп пластмасса бұйымдары Алматы облысында өндірілді: 29,6 млрд теңгеге өндіріліп, жыл сайынғы төмендеу 10,2%-ды құрады. Сондай-ақ Астана мен Алматы облыстары үздік үштікте тұр – сәйкесінше 26,7 млрд және 18,5 млрд теңге.Пластмассадан жасалған бұйымдар сегментінде құбырлар, құбырішектер және шлангтар өндірісі (21,4%-ға, 67,8 мың тоннаға дейін), сондай-ақ пластиктен жасалған есіктер, терезелер және олардың бөлшектері (7%-ға, 18,8 мың тоннаға дейін) өсті.Бұл ретте пластикалық тақталар мен жаймалар (8,7%-ға, 13,1 мың тоннаға дейін), тұрмыстық заттар (8,2%-ға, 3,5 мың тоннаға дейін), сондай-ақ полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер (2%-ға, 11,4 мың тоннаға дейін) қысқарды.Сектордағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өнім санатына байланысты айтарлықтай өзгереді. Мысалы, осы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар пластикалық құбырлар мен шлангтарға сұраныстың 84,2%-ын (яғни ішкі нарықтағы сатылыммен қоса экспорт), ал этилен полимерлеріне сұраныстың 94,1%-ын қамтамасыз етті.Пластикалық есік-терезелерге сұраныс 95,7%-ға, пластиктен жасалған еденге, қабырғаға және төбе жабынына – 62,2%-ға, тұрмыстық заттарға – 28,6%-ға қамтылған.
https://sputnik.kz/20231215/prezident-plastmassa-buyymdaryn-shygaratyn-zauytqa-bardy-40962098.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18899104_53:0:1190:853_1920x0_80_0_0_857f449fc8e66a3fc455ceaaa1e0228d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пластик
Қазақстанда пластмасса бұйымдарының өндірісі бір жылда 7%-ға қысқарды
Негізгі өндіріс үш аймақта, яғни Алматы облысында, Астанада және Алматыда шоғырланған
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларының аяғында елімізде 149,2 млрд теңгеге пластикалық бұйымдар өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 6,5%-ға аз, деп хабарлады energyprom.kz.
Өңірлер бойынша ең көп пластмасса бұйымдары Алматы облысында өндірілді: 29,6 млрд теңгеге өндіріліп, жыл сайынғы төмендеу 10,2%-ды құрады. Сондай-ақ Астана мен Алматы облыстары үздік үштікте тұр – сәйкесінше 26,7 млрд және 18,5 млрд теңге.
Пластмассадан жасалған бұйымдар сегментінде құбырлар, құбырішектер және шлангтар өндірісі (21,4%-ға, 67,8 мың тоннаға дейін), сондай-ақ пластиктен жасалған есіктер, терезелер және олардың бөлшектері (7%-ға, 18,8 мың тоннаға дейін) өсті.
Бұл ретте пластикалық тақталар мен жаймалар (8,7%-ға, 13,1 мың тоннаға дейін), тұрмыстық заттар (8,2%-ға, 3,5 мың тоннаға дейін), сондай-ақ полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер (2%-ға, 11,4 мың тоннаға дейін) қысқарды.
Сектордағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өнім санатына байланысты айтарлықтай өзгереді. Мысалы, осы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар пластикалық құбырлар мен шлангтарға сұраныстың 84,2%-ын (яғни ішкі нарықтағы сатылыммен қоса экспорт), ал этилен полимерлеріне сұраныстың 94,1%-ын қамтамасыз етті.
Пластикалық есік-терезелерге сұраныс 95,7%-ға, пластиктен жасалған еденге, қабырғаға және төбе жабынына – 62,2%-ға, тұрмыстық заттарға – 28,6%-ға қамтылған.