https://sputnik.kz/20240712/qazaqstan-khalqyna-107-trln-tenge-qaytaryldy--antikor-45617832.html
Қазақстан халқына 1 трлн теңге қайтарылды – антикор
Қазақстан халқына 1 трлн теңге қайтарылды – антикор
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген 12.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-12T14:24+0500
2024-07-12T14:24+0500
2024-07-13T15:06+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_479fb168f0b73a32973c42e6aac696ff.jpg
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында биыл 113 талдау мен мониторинг жүргізілді.Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.Оның едәуір бөлігі – парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады.592 адам әшкереленді, оның 107-сі әртүрлі деңгейдегі басшылар. 329 адам сотталды.Агенттіктің мәліметінше, биыл Қазақстан мүддесіне 195 млрд теңге пайда өтелді. Ал 2,5 жыл ішінде Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды.БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастықтың арқасында агенттік шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_278:0:1815:1153_1920x0_80_0_0_7b9d567099005c67bdd50762aa1b9a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Қазақстан халқына 1 трлн теңге қайтарылды – антикор
14:24 12.07.2024 (жаңартылды: 15:06 13.07.2024) Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында биыл 113 талдау мен мониторинг жүргізілді.
Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Оның едәуір бөлігі – парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады.
592 адам әшкереленді, оның 107-сі әртүрлі деңгейдегі басшылар. 329 адам сотталды.
Агенттіктің мәліметінше, биыл Қазақстан мүддесіне 195 млрд теңге пайда өтелді. Ал 2,5 жыл ішінде Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды.
БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастықтың арқасында агенттік шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетті.
"Бүгінгі таңда агенттік жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасап, оның төртеуіне биыл қол қойылды. Олар Әзербайжан, Гонконг, Қатар және Ресей", - делінген ведомство хабарламасында.