https://sputnik.kz/20240712/psikhologtar-men-zangerler-otbasyndagy-agressorlarmen-tegin-zhumys-istep-zhatyr-45625192.html
Психологтар мен заңгерлер отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеп жатыр
Психологтар мен заңгерлер отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген 12.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-12T22:11+0500
2024-07-12T22:11+0500
2024-07-12T22:11+0500
отбасылық жанжал
https://sputnik.kz/img/441/29/4412968_0:89:1920:1169_1920x0_80_0_0_0f8b20991c918b8de5c7b7049140ab88.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.Бұл бастама "Әйелдер сәулесі" қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асты.Жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады.Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған."Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді", - дейді мамандар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/441/29/4412968_122:0:1799:1258_1920x0_80_0_0_f90d210b66504e8bc7a8c5edc7ce0f1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасылық жанжал
Психологтар мен заңгерлер отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеп жатыр
Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Екі жылдан бері психологтар мен заңгерлер Қазақстанның бес өңірінде отбасындағы агрессорлармен тегін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Бұл бастама "Әйелдер сәулесі" қоғамдық бірлестігі арқылы Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысында жүзеге асты.
"Өткен жылы мамандар 400-ден астам консультация өткізсе, ал биыл 150-ден астам кеңес берілген. Агрессорлармен кездесу уақытша ұстау изоляторларының, Ішкі істер департаменттерінің аумағында және консультациялық кабинеттерде ұйымдастырылады", - деп жазылған хабарламада.
Жоба психологтары ерлерді ашуын бақылауға үйретеді. Сондай-ақ жанжалдың алдын алу үшін серіктеспен диалогты қалай құру керектігін айтады.
Жоба психологтарының айтуынша, отбасында әлімжеттік жасайтындар өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіретін жағдайлар болған.
"Көбі психологпен одан әрі жұмыс істеуге келісім береді", - дейді мамандар.