Өзбекстан премьері Алматыдағы бірқатар нысанды аралады

© Фото: Пресс-служба Премьер-министра КазахстанаӨзбекстан премьері Алматыдағы бірқатар нысанды аралады
Өзбекстан премьері Алматыдағы бірқатар нысанды аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Жазылу
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Үкіметаралық комиссия отырысына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов алдымен Алматыдағы қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығына барды.
Алматы қаласы көлік холдингінің өкілі Садир Хамраев Өзбекстан премьеріне ONAY электронды билет сату жүйесін таныстырды, деп хабарлады үкімет басшысы.
"Бүгінде мегаполис пен агломерация халқы 3 млн-нан асады, оның ішінде 1,7 млн жолаушы қоғамдық көлікпен жылына шамамен 444 млн рет қатынайды. 3 507 аялдама, 222 бұрылыс алаңы цифрландырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу тасымалдаушылардың кірісін көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік берді. 2016 жылы жол жүру ақысына электронды төлем жасау жүйесі енгізілгелі бері жолаушылар тасымалы нарығының көлемі 3,2 есеге дейін – 31,8 млрд теңгеге артты.
© Фото: Пресс-служба Премьер-министра КазахстанаӨзбекстан премьер-министрінің Алматыға жұмыс сапары
Рабочий визит премьер-министра Узбекистана в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Өзбекстан премьер-министрінің Алматыға жұмыс сапары
Биыл орташа пайдалану мерзімі 2,5 жылдан аспайтын автобустар санын 4 мың бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ метро стансалары мен аялдамалардағы бейнекамералардың жазбаларын көруге болатын Алматы қаласының Бірыңғай бейнебақылау жүйесі таныстырылды.
Жұмыс сапары барысында тараптар биыл наурыз айында ашылған Yandex Qazaqstan компаниясының жаңа кеңсесіне де барды.
"Бұл – бүгінде Яндекстің Орталық Азиядағы ең үлкен кеңсесі. Кәсіпорын белсенді түрде локализациялануда. Қазіргі уақытта Қазақстанда 750-ден астам қызметкер жұмыс істейді", - деп толықтырды үкіметтің баспасөз қызметі.
Yandex халықаралық IT компаниясы жиынтықты технологияларға, қазақ тілінде сөйлеу синтезіне, интернеттен ақпарат іздеу мен жасанды интеллектіні дамытуға инвестиция салады. Сондай-ақ "Алисамен" қазақ тіліндегі интерактивті әңгіме таныстырылды.
© Фото: Пресс-служба премьер-министра КазахстанаӨзбекстан премьер-министрінің Алматыға жұмыс сапары
Рабочий визит премьер-министра Узбекистана в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Өзбекстан премьер-министрінің Алматыға жұмыс сапары
Қазақ тілінде қойылған сұрақтардың 68%-ы білім беру мәселесіне бағытталғаны аталып өтті. Осыған байланысты былтыр Қазақстан жастарына қолжетімді болуы үшін 15 млн мақала мемлекеттік тілге аударылды.
Бұған қоса, таксидегі баға алгоритміне ерекше назар аударылды.
Lumiere Hall жаңа медиа саласындағы мәдени-білім беру орталығының мысалында креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды.
Жаңалықтар
0