https://sputnik.kz/20240712/eki-aptanyn-ishinde-117-qylmysker-ustaldy--iim-45609612.html
Екі аптаның ішінде 117 қылмыскер ұсталды – ІІМ
Екі аптаның ішінде 117 қылмыскер ұсталды – ІІМ
Sputnik Қазақстан
Хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жері анықталды 12.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-12T08:06+0500
2024-07-12T08:06+0500
2024-07-12T08:09+0500
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41537555_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_d9a85eef1c7feee95c0d88095897a22c.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Екі апта ішінде ІІМ жедел бөліністері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды.Таразда 18 жастағы ауыл тұрғынын қолға түсірді. Ол топтық төбелес кезінде басқа фигуранттың аяғына оқ атқан.Қызылордада бөтен үйге кіріп, ондағы екі тұрғынды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, алтын сырға мен ұялы телефон ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Күдікті бұрын сотты болған.Жетісу облысында да қылмыскер құрықталды. Ол Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 62 млн теңге көлемінде ақшаны иемденген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41537555_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_761fd36a1cb9445f120bbd3af4bf0b9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі
Екі аптаның ішінде 117 қылмыскер ұсталды – ІІМ
08:06 12.07.2024 (жаңартылды: 08:09 12.07.2024) Хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жері анықталды
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Екі апта ішінде ІІМ жедел бөліністері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды.
Таразда 18 жастағы ауыл тұрғынын қолға түсірді. Ол топтық төбелес кезінде басқа фигуранттың аяғына оқ атқан.
Қызылордада бөтен үйге кіріп, ондағы екі тұрғынды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, алтын сырға мен ұялы телефон ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Күдікті бұрын сотты болған.
Жетісу облысында да қылмыскер құрықталды. Ол Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 62 млн теңге көлемінде ақшаны иемденген.