Жеңіс Қасымбек елорда вокзалы маңындағы аумақ абаттандырылатынын айтты
© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанадағы темір жол вокзалы
© Sputnik / Ксения Воронина
Жазылу
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында вокзал маңындағы аумақты абаттандыру мәселесі туралы айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бірер күн бұрын қалада тағы 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік аштық. Биыл барлығы 170 аула мен қоғамдық аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданы қамтылды", –деп жазды елорда әкімі.
Оның айтуынша биыл қаланың вокзал маңындағы бөлігін және іргелес тұрған Біржан сал мен Гете көшелерін абаттандыру жобасы іске асырылады.
"Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы – 1,5 км. Сондай-ақ мұнда 5 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр: Жастар театрының алдындағы алаң, Ақжайық қонақ үйінің алдындағы аумақ, "Хлебник" наубайханасының алдындағы алаң, Чемодандар паркі және "Паровоз" гүлзары", - деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.
Қаланың тарихи көшелерін реконструкциялау жобасы аясында жалпы абаттандыру алаңы 17 мың шаршы метрден асады.
Көгалдандыруға ерекше назар аударылды: қолданыстағы жасыл желектің бәрі сақталды және қосымша 200-ден астам жаңа ағаш отырғызылады, оның ішінде тал, үйеңкі, қарағай, көпжылдық бұта және т.б. бар. Оларды күту үшін жергілікті суару жүйесі жүргізілді.
Көгалдандыруға ерекше назар аударылды: қолданыстағы жасыл желектің бәрі сақталды және қосымша 200-ден астам жаңа ағаш отырғызылады, оның ішінде тал, үйеңкі, қарағай, көпжылдық бұта және т.б. бар. Оларды күту үшін жергілікті суару жүйесі жүргізілді.
Мысалы, "Жастар" театрының алдында жаңа субұрқақ кешені орнатылады. Сол сияқты шағын сәулет нысандарын, үстел ойындарына арналған орындарды, ойын-сауыққа арналған арт-нысандарды, әткеншектер мен шезлонгтар орнату жоспарланып отыр.