Жамбыл облысының тұрғыны үйінің ауласын есірткі плантациясына айналдырған

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Жеке тұрғын үйдің бақшасында 37 түп қарасора, 1520 түп көкнәр өсімдігі анықталды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында полицейлер "Қарасора-2024" жедел алдын алу шарасы аясында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарасора мен көкнәр өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
"Жеке тұрғын үйдің бақшасында 37 түп қарасора, 1520 түп көкнәр өсімдігі анықталды", - делінген хабарламада.
Барлығы 100 келіден астам есірткі заты тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 кг, марихуана – 53 кг.
"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Жамбыл облыстық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қарасора-2024" ЖАШ аясында есірткіні заңсыз өсіруді анықтау, ұйымдасқан қылмыстық топтарды және есірткі зертханаларын жою жалғасады", - деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Әлім Бәжікбаев.
Акжаркын Турлыбай (в центре) и адвокат Сункар Нурмаганбетов (слева) - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: СІМ өмір бойына сотталған қазақ қызының жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар
0