https://sputnik.kz/20240711/shygys-qazaqstanda-energetika-mamandary-ushin-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosyldy-45600963.html
Шығыс Қазақстанда энергетика мамандары үшін ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Шығыс Қазақстанда энергетика мамандары үшін ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Облыс кадр тапшылығымен осылайша күресуді жоспарлап отыр 11.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-11T13:56+0500
2024-07-11T13:56+0500
2024-07-11T13:56+0500
ипотекалық бағдарлама
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 11 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жылу энергетикасы мамандарына арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.Облыстағылар осылайша бұл кәсіптің өңірдегі беделін көтеруді көздеп отыр.Қазіргі уақытта салада кадр тапшылығы қатты сезіліп жатқаны айтылды. Мамандандырылған жоғары оқу орындары жас мамандарды дайындайды, бірақ диплом алғаннан кейін көбісі басқа салада қызмет етеді. Мәселені кешенді түрде шешу қажет дейді мамандар. Сондықтан, қызметкерлерге тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу қарастырылды."Жалпы облыс бойынша 500-ге жуық маман жетіспейді. Олардың міндеттерін өзге мамандықтардың өкілдері атқарады. Жақын арада облыста жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталып, онда тағы 500-ге жуық бос жұмыс орны ашылады", - дейді бастамашылар.Сонымен қатар, өткен жылы техникалық университетті небәрі 10 жылу энергетикасы маманы бітіріп шықты, ал биылғы жазда 8 маман диплом алған.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотекалық бағдарлама, шығыс қазақстан
ипотекалық бағдарлама, шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстанда энергетика мамандары үшін ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Облыс кадр тапшылығымен осылайша күресуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 11 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жылу энергетикасы мамандарына арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды
24KZ. Облыстағылар осылайша бұл кәсіптің өңірдегі беделін көтеруді көздеп отыр.
Қазіргі уақытта салада кадр тапшылығы қатты сезіліп жатқаны айтылды. Мамандандырылған жоғары оқу орындары жас мамандарды дайындайды, бірақ диплом алғаннан кейін көбісі басқа салада қызмет етеді. Мәселені кешенді түрде шешу қажет дейді мамандар. Сондықтан, қызметкерлерге тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу қарастырылды.
"Жалпы облыс бойынша 500-ге жуық маман жетіспейді. Олардың міндеттерін өзге мамандықтардың өкілдері атқарады. Жақын арада облыста жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталып, онда тағы 500-ге жуық бос жұмыс орны ашылады", - дейді бастамашылар.
Сонымен қатар, өткен жылы техникалық университетті небәрі 10 жылу энергетикасы маманы бітіріп шықты, ал биылғы жазда 8 маман диплом алған.