Рудный шахтасында жұмысшы қаза тапты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуУгольная шахта
Угольная шахта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жазатайым оқиға болды.
Бұл туралы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ хабарлады.
"280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмысшы қаза тапты",- делінген бірлестік хабарламасында.
Кен орны басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтты. Өндірістік бірлестік марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Жаңалықтар
0