Премьер-министр Алматыдағы ірі кәсіпорындар жұмысын тексерді

© Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов посетил Hyundai Trans Kazakhstan
Олжас Бектенов посетил Hyundai Trans Kazakhstan - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Бектенов жұмыс сапарымен Алматыда жүр
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Жұмыс сапарымен Алматыда жүрген премьер-министр Олжас Бектенов жылына 90 мың жеңіл автомобиль шығара алатын мультибренд зауыты Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына барды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министрге зауыт алаңын 40 мың шаршы метрге, жұмыс орындарының санын 1700-ге дейін ұлғайта отырып, кәсіпорынды кеңейту және жаңғырту жұмысы жөнінде баяндалды.
"Құны 16,4 млрд теңге болатын зауытты кеңейту жобасы толығымен инвестор есебінен іске асырылған. Сонымен қатар кәсіпорын шағын торапты өндіріс қуатын ұлғайту және жаңа модельдерді дәнекерлеу, бояу үшін өндірістің толық цикліне көшу мақсатында дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтарын жаңғыртуға инвестиция салады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ премьерге Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан басқа жылына 90 мың жеңіл автомобиль шығара алатын мультибренд зауыты (2025 жылы іске қосу жоспарланған), автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер шығаратын үш зауыт және логистикалық хаб кіретін өндірістік кластерді дамыту жоспарлары туралы хабарлады. Жұмыс орнының жалпы саны 6 мың адамнан асады.
Жаңалықтар
0