Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден соң қайта іске қосылады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" Половину запланированных работ по ремонту завершили на ПНХЗ
Половину запланированных работ по ремонту завершили на ПНХЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Әзірге мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясы.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС жоспарлы-алдын алу жұмыстарын орындаудың соңғы кезеңіне шықты. Қазіргі уақытта зауыт бойынша орындалған жұмыстардың орташа көрсеткіші 98,5% жетті, ірі қондырғылардағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды", - делінген хабарламада.
Кәсіпорын жоспарлы-алдын алу жұмыстарына тоқтаған кезде мұнай өнімдерінің барлық резервтік қорларының көлемі екі еседен астам қысқарды. Бұл бекітілген үздіксіз тиеуді қамтамасыз ету жоспарында көрсетіледі.
Жоспарлы-алдын алу жұмыстары шеңберінде жоспарланған барлық іс-шара қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау қағидаларымен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатынын атап өтті компания.
Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес осы аптаның соңына дейін өндірісті іске қосу күтілуде. Зауыт толық өндірістік қуатқа 16 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін шығады.
Жаңалықтар
0