Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар арнайы квотамен грантқа түсе алады

© Sputnik / Абзал КалиевВыпускникам в Нур-Султане вручили аттестаты
Выпускникам в Нур-Султане вручили аттестаты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған квота 5 процентті құрайды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша гранттарды таратқанда көпбалалы отбасының квотасы қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған квота 5 процентті құрайды. Бұл дегеніміз, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5 проценті тек осы санатқа беріледі.
"Мысалы, 2024 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 13 735 грант бөлініп отыр. Соның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған", - дейді орталық мамандары.
Осылайша, педагогикаға бөлінген 687 грант тек көпбалалы отбасыдан шыққан балалар арасында ұпай саны бойынша таратылады.
"Көпбалалы отбасы" квотасымен грант конкурсына қатысу талаптары:
талапкердің 18 жасқа толмауы;
отбасында кәмелетке толмаған төрт бала (ал кәмелет жастан асқандар ЖОО немесе колледждің күндізгі бөлімде оқуы керек).
Ал қосымша сұрақтар болса, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан білуге болады.
Жаңалықтар
0