Спорт

Еуро-2024: Англия құрамасы финалға шықты

© Sputnik / Владислав ВодневМатч "Астана"-Ордабасы"
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасымен кездеседі
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалдағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті.
Англия құрамасы Нидерланд командасын жеңіп, финалға жолдама алды.
Ойынның 7-минутында Нидерланды құрамасы гол соғып, есеп ашты. Кейін Англия құрамасынан 18-минутта Харри Кейн пеанльтиден есепті теңестірді. Екінші таймның соңына қарай 91-минутта Уолли Уоткинс жеңіс голын соғып, Англия құрамасының екінші рет финалға шығуына көмектесті.
Осылайша ағылшындық футболшылар 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Олар осыдан төрт жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Италиядан ұтылып қалған еді.
Айта кетейік, Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасымен кездеседі. Финалдық матч 14 шілде күні өтеді.
Жаңалықтар
0