https://sputnik.kz/20240711/ekonomikalyq-zhane-klimattyq-dagdarystar-geosayasi-shielenisterdi-kusheytip-otyr--ashimbaev-45605233.html
Экономикалық және климаттық дағдарыстар геосаяси шиеленістерді күшейтіп отыр – Әшімбаев
Экономикалық және климаттық дағдарыстар геосаяси шиеленістерді күшейтіп отыр – Әшімбаев
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы ол БРИКС X Парламенттік форумының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айтты 11.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-11T17:39+0500
2024-07-11T17:39+0500
2024-07-11T17:39+0500
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31966347_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_bfdc3c2f5da7ca5b7a82d7a7b3acc8e6.png
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстан Парламенті сенаты төрағасының айтуынша, бүгінде әлем күрделі сын-қатерлер мен қауіпке тап болып отыр. Экономикалық және климаттық дағдарыстар геосаяси шиеленістерді күшейтіп отыр, деп "СенатИнформ" Мәулен Әшімбаевтың сөзінен үзінді келтірді.Оның пікірінше, жаһандық текетіресті азайту және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шешімдерін табу – ортақ міндет.Әшімбаев Қазақстан қауіпсіз және теңдестірілген әлем құрудың теңгерімді тәсілдерін ұсынатын БРИКС сияқты негізгі халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатуды белсенді түрде қолдайтынын айтты.Ол қазіргі БРИКС форумының қарқынды бағдарламасы өте өзекті екенін және әлемде парламенттік дипломатияның рөлі мен маңыздылығының тұрақты түрде артып келе жатқанын айтты.Әшімбаев ғылым, жаңа технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты арттыруды маңызды деп атады."Біз жасанды интеллекті дамыту мен пайдалануға байланысты процестерді реттеудің үлгілік құқықтық базасын бірлесіп құруды ұсынамыз", - деді Әшімбаев.Ол сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде парламентаралық өзара іс-қимылды маңызды деп атап, парламентаралық диалог үшін тиісті алаң құруды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31966347_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_0467aa539357652c596f2a78267d1b60.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәулен әшімбаев
Экономикалық және климаттық дағдарыстар геосаяси шиеленістерді күшейтіп отыр – Әшімбаев
Бұл туралы ол БРИКС X Парламенттік форумының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айтты
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстан Парламенті сенаты төрағасының айтуынша, бүгінде әлем күрделі сын-қатерлер мен қауіпке тап болып отыр. Экономикалық және климаттық дағдарыстар геосаяси шиеленістерді күшейтіп отыр, деп "СенатИнформ" Мәулен Әшімбаевтың сөзінен үзінді келтірді.
Оның пікірінше, жаһандық текетіресті азайту және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шешімдерін табу – ортақ міндет.
Әшімбаев Қазақстан қауіпсіз және теңдестірілген әлем құрудың теңгерімді тәсілдерін ұсынатын БРИКС сияқты негізгі халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатуды белсенді түрде қолдайтынын айтты.
"Біз сондай-ақ БРИКС+ платформасындағы әріптестерімізбен белсенді байланыс орнатуға дайынбыз", - деді спикер.
Ол қазіргі БРИКС форумының қарқынды бағдарламасы өте өзекті екенін және әлемде парламенттік дипломатияның рөлі мен маңыздылығының тұрақты түрде артып келе жатқанын айтты.
Әшімбаев ғылым, жаңа технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты арттыруды маңызды деп атады.
"Біз жасанды интеллекті дамыту мен пайдалануға байланысты процестерді реттеудің үлгілік құқықтық базасын бірлесіп құруды ұсынамыз", - деді Әшімбаев.
Ол сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде парламентаралық өзара іс-қимылды маңызды деп атап, парламентаралық диалог үшін тиісті алаң құруды ұсынды.