Бойжеткенді зорламақ болған қылмыскер Грузиядан экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Грузияға қашып кеткен қылмыскер Интерпол арқылы қайтарылды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Шымкентте бойжеткенді зорламақ болғаны үшін сотталған қылмыскер Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.
Ұсталған ер адам төрт жыл бұрын Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Бірақ жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскерден қашып кеткеннен кейін өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған. Сот оны кінәлі деп танып, үкім де шығарған. Алайда қылмыскер шетелге қашып кеткен. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.
2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстанның бас прокуратурасы сұрау салды. Грузия оны экстрадициялауға шешім қабылдады.
Бүгін бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Қазіргі кезде ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0