https://sputnik.kz/20240711/bektenov-almaty-mektepterinin-shamadan-tys-toluy--asa-otkir-masele-45606891.html
Бектенов: Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе
Бектенов: Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе
Sputnik Қазақстан
Елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қосымша 700 мыңнан астам оқушыға орын қолжетімді болады 11.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-11T19:52+0500
2024-07-11T19:52+0500
2024-07-11T19:52+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0b/45606997_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_e4547d4af0a482e4d24568c9fec45a61.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына ғимарат жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек.Бүгінде нысан 95% дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды.Үкімет басшысына мектеп ғимаратының құрылысы мерзімінен бұрын жүзеге асырылғаны туралы баяндалды. Ол үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының екі ауысымдық кестесі ұйымдастырылды. Барлық кезеңде орта есеппен 250 адам тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүріп жатыр.Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаудың маңызды екенін баса айтты.Үкімет басшысы сондай-ақ құрамына ҚазБСҚА және ҚАУ жоғары оқу орындары, ҚазБСҚА колледжі мен Almaty Digital College, сондай-ақ ҚазБСҚА және ҚАУ мектептері кіретін Халықаралық білім беру корпорациясын аралап көрді.Корпорация оқу орталықтарын ашу, оқу аудиторияларын жабдықтау және брендтеу жөніндегі жобаларға белсенді қатысатын 250-ден астам отандық және халықаралық жұмыс беруші компаниялармен ынтымақтастық орнатқан. Бұл түлектерге жұмысқа орналасу кезінде кәсіпорын талап ететін дағдыларға ие болуына мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0b/45606997_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_279ee884312fa8a6c3baa5cc346bd39a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Бектенов: Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе
Елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қосымша 700 мыңнан астам оқушыға орын қолжетімді болады
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына ғимарат жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек.
Бүгінде нысан 95% дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды.
Үкімет басшысына мектеп ғимаратының құрылысы мерзімінен бұрын жүзеге асырылғаны туралы баяндалды. Ол үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының екі ауысымдық кестесі ұйымдастырылды. Барлық кезеңде орта есеппен 250 адам тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүріп жатыр.
Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаудың маңызды екенін баса айтты.
"Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе, сондықтан құрылысты мерзімінен бұрын аяқтау қажет. Бұл ретте алдымен сапаға басымдық берілуі керек. Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болуы керек", — деп атап өтті премьер-министр.
Үкімет басшысы сондай-ақ құрамына ҚазБСҚА және ҚАУ жоғары оқу орындары, ҚазБСҚА колледжі мен Almaty Digital College, сондай-ақ ҚазБСҚА және ҚАУ мектептері кіретін Халықаралық білім беру корпорациясын аралап көрді.
Корпорация оқу орталықтарын ашу, оқу аудиторияларын жабдықтау және брендтеу жөніндегі жобаларға белсенді қатысатын 250-ден астам отандық және халықаралық жұмыс беруші компаниялармен ынтымақтастық орнатқан. Бұл түлектерге жұмысқа орналасу кезінде кәсіпорын талап ететін дағдыларға ие болуына мүмкіндік береді.