Алматыда сарбазды кредит алуға мәжбүрлеген әскери қызметші сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Сотталушы 750 мың теңге тұратын ұялы телефонды сарбаздың атына рәсімдеп, оны өзінің ағасына берген
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда артиллериялық дивизияның мерзімді әскери қызметшісі адам тонағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушы өзінің материалдық жағдайын жеңіл жолмен жақсартуға бел буған. Содан қатардағы жауынгерді дивизиядан тыс жерге апарып, ақша немесе бағалы ұялы телефон беруді талап еткен. Бірнеше рет соққы жасап қорқытқан. Алайда жас жауынгер оған қарсылық көрсетті.
Дивизияда тағы бір сарбаз сотталушыға бәстен 500 мың теңгеге ұтылған. Әскери қызметші оның өзіне тәуелді екенін пайдаланып, қарсылық көрсеткен сарбазды бірлесіп тонауға көндірген. Жоспар бойынша ол жәбірленушіні дивизиядан алшақ жерге шығарып, қарсылық көрсеткен жағдайда екі қолын ұстап тұратын болған. Екеуі дәл солай істейді. Бірақ бұл сотталушы Kaspi.kz қосымшасы бар телефон нөмірін беруді талап етеді. Жәбірленуші келіспейді. Сол кезде әскери қызметші оны кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Ал екіншісі ұстап тұрады. Одан кейін зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытқан. Сол кезде жәбірленуші абоненттік нөміріндегі сим-картасын берген.
Осылайша, сотталушы Kaspi қосымшасы арқылы сарбаздың атына 750 мың теңге тұратын Phone 13 Pro Max маркалы ұялы телефонын рәсімдеп, оны өзінің ағасына берген. Ал ай сайынғы төлемін 500 мың теңге қарыз болған сарбазға жүктейді. Алайда несие бойынша бірде-бір төлем жасалмаған.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы (тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған әрекет) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Оған қоса, 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Шөлдала заставасындағы суицид: адвокат тергеудің қалай жүргізілгенін айтты
Жаңалықтар
0