https://sputnik.kz/20240711/almatyda-mektep-mugalimi-aryqtaymyn-dep-azhal-qushty-45603053.html
Алматыда мектеп мұғалімі арықтаймын деп ажал құшты
Алматыда мектеп мұғалімі арықтаймын деп ажал құшты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда 47 жастағы әйел липосакциядан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап. 11.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-11T15:14+0500
2024-07-11T15:14+0500
2024-07-11T16:26+0500
пластикалық ота
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда 47 жастағы әйел липосакциядан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.47 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Құралай Батырханова көптен бері артық салмақтан арыла алмай жүрген. Содан липосакция жасауға шешім қабылдаған. Оны Алматыдағы жеке меншік клиникада мақтаулы пластикалық хирургке жасатқан. Қызмет ақысы - 2 миллион теңге. Оны бауырынан қарызға алыпты.Медициналық тексеріс кезінде әйелдің денсаулығынан ешқандай кінәрат таппаған. Құралайдың ішіндегі майды алу отасы бір жарым сағатқа созылған. Әйел липосакциядан кейін жақындарына өз-өзіне келе алмай жатқаны туралы хабарлама жіберген. Ал түнге қарай дәрігерлер қаралы хабар жеткізіпті.Мәйітке жасалған сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, 47 жастағы әйел инфарктен кеткен. Десе де жақындары бұған сенбейді. Олар отадан кейін науқасқа күтім дұрыс жасалмаған деп күдіктенеді. Ал іштегі майды алу операциясын жасаған мақтаулы дәрігер қызметін әлі де жалғастыруда. Оның айтуынша, Құралайға ота сәтті жасалған.Сараптаманың нақты қорытындысы бір айдан соң шығады. Ұлағатты ұстаздың артында үш баласы қалған.Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Липосакцияны жасаған пластикалық хирургтың кінәсі дәлелденсе, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пластикалық ота
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда 47 жастағы әйел липосакциядан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына
сілтеме жасап.
47 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Құралай Батырханова көптен бері артық салмақтан арыла алмай жүрген. Содан липосакция жасауға шешім қабылдаған. Оны Алматыдағы жеке меншік клиникада мақтаулы пластикалық хирургке жасатқан. Қызмет ақысы - 2 миллион теңге. Оны бауырынан қарызға алыпты.
Медициналық тексеріс кезінде әйелдің денсаулығынан ешқандай кінәрат таппаған. Құралайдың ішіндегі майды алу отасы бір жарым сағатқа созылған. Әйел липосакциядан кейін жақындарына өз-өзіне келе алмай жатқаны туралы хабарлама жіберген. Ал түнге қарай дәрігерлер қаралы хабар жеткізіпті.
Мәйітке жасалған сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, 47 жастағы әйел инфарктен кеткен. Десе де жақындары бұған сенбейді. Олар отадан кейін науқасқа күтім дұрыс жасалмаған деп күдіктенеді. Ал іштегі майды алу операциясын жасаған мақтаулы дәрігер қызметін әлі де жалғастыруда. Оның айтуынша, Құралайға ота сәтті жасалған.
"Операция ойдағыдай өтті. Кейін науқас интенсивті терапия бөліміне, сосын стационарға ауыстырылды.Ол палатада өзін жақсы сезінді. Ал түстен кейін жағдайы нашарлай бастады. Біз протоколға сәйкес әрекет еттік. Бірақ науқасты аман алып қала алмадық. Отаны мен жасадым, моральді тұрғыда жауаптымын. Қазір маған да қиын болып тұр. Өкінішке қарай, медицинада күтпеген жағдайлар болады. Не болғанын өзім де түсіне алмай жүрмін", - дейді Данияр Урмурзин.
Сараптаманың нақты қорытындысы бір айдан соң шығады. Ұлағатты ұстаздың артында үш баласы қалған.
Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Липосакцияны жасаған пластикалық хирургтың кінәсі дәлелденсе, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.