Теміржол көлігін дамыту тұжырымдамасы қабылданды

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолыЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Жазылу
Құжат шеңберінде салаға жеке инвестиция тарту, жылжымалы құрамның бәсекелестік нарығы субъектілерін жаңарту шаралары қарастырылған
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2030 жылға дейін теміржол көлігін дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданды, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше теміржол саласы бүгінгі таңда бірқатар мәселеге тап болып отыр. Теміржол саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы осы мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді көздейді.
"Атап айтқанда, өндірістің негізгі құралдарын жаңарту және жаңғырту сияқты маңызды тармақтар қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Жолаушылар тасымалымен бүгінгі таңда 14 компания, оның ішінде 1 ұлттық және 13 жеке компания айналысады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды 100-ден астам бағыт бойынша теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастырып отыр.
Стратегиялық құжат шеңберінде салаға жеке инвестицияларды тарту, жылжымалы құрамның бәсекелестік нарығы субъектілерін жаңарту, жаңа желілер салудың ірі жобаларын іске асыру және жеке компаниялардың жолаушыларды тасымалдау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылады.
Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамыту тұжырымдамасы республикалық бюджет, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және жеке инвестициялар қаражаты есебінен іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0