Әлем

Қырғызстан президентінің қарындасына сөз салған жігіт қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Жазылу
Садыр Жапаровтың болашақ күйеубаласы наркодилер болып шықты
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады. Мемлекет басшының жиені Ләззат Нұрқожаеваға сөз салған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бұған дейін президенттің күйеубаласы болғысы келген жігіт төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын жалдап, Ләззат Нұрқожаеваға сөз салған. Сол кезде түсірілген видео желіде кеңінен тарап кеткен еді. Президенттің баспасөз хатшысы ер адам осылайша билікте өзін қорғайтын адам табуға тырысқанын мәлімдеді.
"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызына сөз салған ер адамның ұсталғанын растаймыз. Ол заңсыз әрекеттерін жасыру үшін билік басынан "қорған" табуға тырысты деп айтуға толық негіз бар", - деп жазды Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда ол Жапаров заңсыз әрекеттерді кім жасағанын жасырмайтынын да атап өтті.
"Тергеу барысында ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеттерінің жай-жапсары анықталады", — деп атап көрсетті Алагөзов.
Жаңалықтар
0