Спорт

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

© AP Photo / Matthias SchraderЛоготип Евро-2024
Логотип Евро-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Жазылу
Испания 12 жылдан кейін финалға жолдама алды
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына жолдама алған алғашқы команда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания мен Франция құрамалары кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Матчтың 9-минутында Франция құрамасының ойыншысы Коло Муани баспен гол соғып, есеп ашты. Ал 21-минутта Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль гол соқты. Осылайша, 16 жастағы Ямаль Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Араға 4 минут салып, 25-минутта испаниялық Дани Ольмо көзге түсіп, командасына жеңіс голын сыйлады.
Екінші таймда есеп өзгеріссіз қалды.
Осылайша Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда атанды.
Айта кетері, Испания 12 жылдан кейін финалға жолдама алды.
Енді 11 шілдеде тағы жартылай финалда Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі.
Жаңалықтар
0