Елімізде жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Владислав ВодневФлаг Казахстана нарисованный на грузовике
Флаг Казахстана нарисованный на грузовике - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Жазылу
Еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Еліміз бойынша көлік министрлігінің бастамасымен "Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік" рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Рейд барысында ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу және бақылау бойынша шараның аралық қорытындылары туралы айта келе, айыппұлдардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында салынған.

"Осылайша, аталған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 100 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен 293 заң бұзушылық фактісі анықталған. Жалпы, акция басталғаннан бері көліктік бақылау инспекциялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп 30 рет инспекция жасады", - делінген көлік министрлігінің хабарламасында.

Айта кетері, ауыр жүк самосвалдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін және жүктерді тасымалдау ережелерін, оның ішінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ өлшемін бұзуға жол беріледі.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 60 мыңнан астамы самосвалдар. Еске сала кетейік, ауыр жүк көліктеріне инертті материалдарды тасымалдауға рұқсат етілген норма 25 тоннаны құрайды.
Жаңалықтар
0