https://sputnik.kz/20240710/almatyda-23-millionnan-astam-agash-ziyankesterge-qarsy-ondeledi-45590766.html
Алматыда 2,3 миллионнан астам ағаш зиянкестерге қарсы өңделеді
Алматыда 2,3 миллионнан астам ағаш зиянкестерге қарсы өңделеді
Sputnik Қазақстан
Қолданылатын препараттар адамдар үшін де, аң-құс үшін де зиянсыз 10.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-10T20:32+0500
2024-07-10T20:32+0500
2024-07-10T20:32+0500
алматы
ағаш
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25400566_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dd015798bddd84dd118764e6664a9211.jpg
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматыда дауыл мен қатты жаңбыр кезінде ағаштар жиі құлайды. Салдарынан тұрғын үйлер мен көліктерге зақым келеді. Әсіресе, көлігін ағаш басып, қапыда қалатындар саны көп. Осыған байланысты әкімдік қаланы ауру ағаштардан тазалады. Sputnik Қазақстан тілшісі бұл жұмыс қалай жүргізілетінін білді.Ағаштың құлауынан электр желілеріне де айтарлықтай зақым келіп жатыр. Бұндай келеңсіздіктің алдын алу – ауру ағаштарды кесу, дейді Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы.Жайқалып тұрған ағаштың бәрін сау деуге келмейдіРезистограф ағаш қабаттарын оқу, ағаштың иммунитет деңгейін анықтау және оның жасын анықтау үшін де қолданылады."Томографтың жұмыс принципі сәл өзгеше: құрылғы ультрадыбыстың көмегімен ағаштың ішкі күйін бағалайды. Дыбыс импульсі неғұрлым тез жүрсе, ағаштың жағдайы соғұрлым жақсы болады. Төмен жылдамдық сигнал жолында бос орындар бар немесе ағаштың шіріп жатқанын көрсетеді", - дейді мамандар.Алматыда 2023 жылы экология және қоршаған орта басқармасы ағаштардың санитарлық жағдайын дәл анықтау үшін 8 резистограф пен 2 томограф сатып алған. Соның көмегімен қалада апатты жағдайдағы және ауру ағаштар кесіледі.Баум тоғайында 6500-ден астам ауру ағаш анықталғанБылтыр Баум тоғайында апатты жағдайдағы ағаштарды кесу кезінде қолданылды. Құрылғылардан деректер алынғаннан кейін ескі ағашты сақтау немесе оны кесу мәселесі шешіледі. Айта кетері, Баум тоғайындағы жасыл желектердің экологиялық жай-күйін төрт ғылыми-зерттеу институты – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, "Зоология институты" ШЖҚ РМК, "Қазэкопроект" ЖШС және "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК бақылайды.Ғалымдар ағаштардың негізгі зиянкестері мен ауруларын анықтайтын зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде 6560 қураған және апатты жағдайдағы ағаштар мен 1713 шіріген ағаш анықталған. Бүгінгі таңда Баум тоғайында 1 663 апатты ағаш реттелді, іріктеп санитарлық кесу жұмыстарын 2026 жылға дейін жүргізу жоспарланып отыр.Ағаштардың жағдайын тұрақты түрде жақсарту, сақтау және әртүрлі зиянды организмдерге төзімді болу үшін Алматыда биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бұл жұмыстар жауын-шашынсыз күн ашық кезде және түнде ғана жүргізіледі.Ағашты өңдейтін препараттардың адам мен құсқа зияны жоқҚазақстанда қолдануға рұқсат етілген, климаттық факторларды ескере отырып, қауіптілігі төмен санаттағы сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады. Бұлардың барлығы адамдар үшін де, аң-құс үшін де мүлдем зиянсыз.Жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарын құрту үшін 2,3 миллионнан астам ағашқа өңдеу жасалады. Аурулар мен зиянкестердің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, өңдеу жұмыстары түнде және таңертең ерте жүргізіледі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25400566_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_9cb33f2dab101b0673d67b578a8f9faf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, ағаш
Алматыда 2,3 миллионнан астам ағаш зиянкестерге қарсы өңделеді
Қолданылатын препараттар адамдар үшін де, аң-құс үшін де зиянсыз
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматыда дауыл мен қатты жаңбыр кезінде ағаштар жиі құлайды. Салдарынан тұрғын үйлер мен көліктерге зақым келеді. Әсіресе, көлігін ағаш басып, қапыда қалатындар саны көп. Осыған байланысты әкімдік қаланы ауру ағаштардан тазалады.
Sputnik Қазақстан тілшісі бұл жұмыс қалай жүргізілетінін білді.
Ағаштың құлауынан электр желілеріне де айтарлықтай зақым келіп жатыр. Бұндай келеңсіздіктің алдын алу – ауру ағаштарды кесу, дейді Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы.
Жайқалып тұрған ағаштың бәрін сау деуге келмейді
"Ағаштың сырты жақсы көрінгенмен, өзегі шіріген болуы мүмкін, іші қуыс немесе тамыры шіріген. Ағаштың қандай күйде екенін анықтайтын заманауи диагностикалық жабдықтар – резистографтар мен томографтар бар. Резистограф ағаштың күйін бұрғылау арқылы оңай анықтайды. Алынған деректер бірден операциялық блокқа жеткізіледі және график түрінде көрсетіледі", - дейді басқарма мамандары.
Резистограф ағаш қабаттарын оқу, ағаштың иммунитет деңгейін анықтау және оның жасын анықтау үшін де қолданылады.
"Томографтың жұмыс принципі сәл өзгеше: құрылғы ультрадыбыстың көмегімен ағаштың ішкі күйін бағалайды. Дыбыс импульсі неғұрлым тез жүрсе, ағаштың жағдайы соғұрлым жақсы болады. Төмен жылдамдық сигнал жолында бос орындар бар немесе ағаштың шіріп жатқанын көрсетеді", - дейді мамандар.
Алматыда 2023 жылы экология және қоршаған орта басқармасы ағаштардың санитарлық жағдайын дәл анықтау үшін 8 резистограф пен 2 томограф сатып алған. Соның көмегімен қалада апатты жағдайдағы және ауру ағаштар кесіледі.
Баум тоғайында 6500-ден астам ауру ағаш анықталған
Былтыр Баум тоғайында апатты жағдайдағы ағаштарды кесу кезінде қолданылды. Құрылғылардан деректер алынғаннан кейін ескі ағашты сақтау немесе оны кесу мәселесі шешіледі. Айта кетері, Баум тоғайындағы жасыл желектердің экологиялық жай-күйін төрт ғылыми-зерттеу институты – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, "Зоология институты" ШЖҚ РМК, "Қазэкопроект" ЖШС және "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК бақылайды.
Ғалымдар ағаштардың негізгі зиянкестері мен ауруларын анықтайтын зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде 6560 қураған және апатты жағдайдағы ағаштар мен 1713 шіріген ағаш анықталған. Бүгінгі таңда Баум тоғайында 1 663 апатты ағаш реттелді, іріктеп санитарлық кесу жұмыстарын 2026 жылға дейін жүргізу жоспарланып отыр.
Ағаштардың жағдайын тұрақты түрде жақсарту, сақтау және әртүрлі зиянды организмдерге төзімді болу үшін Алматыда биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бұл жұмыстар жауын-шашынсыз күн ашық кезде және түнде ғана жүргізіледі.
"Алдыңғы жылдардағы жұмыстардың нәтижесі бойынша байқалғаны препараттар каштан көбелегі, долана жапырақшасы, раушан жапырақшасы және тағы басқа полифаг зиянкестеріне қарсы қатты әсер етті. Өткен жылдан бастап монофаг зиянкестеріне қарсы максималды әсер ету үшін бірінші кезеңде емен ағаштарын төрт рет мен теректерді екі рет өңдеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді ведомство.
Ағашты өңдейтін препараттардың адам мен құсқа зияны жоқ
Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген, климаттық факторларды ескере отырып, қауіптілігі төмен санаттағы сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады. Бұлардың барлығы адамдар үшін де, аң-құс үшін де мүлдем зиянсыз.
Жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарын құрту үшін 2,3 миллионнан астам ағашқа өңдеу жасалады. Аурулар мен зиянкестердің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, өңдеу жұмыстары түнде және таңертең ерте жүргізіледі.