https://sputnik.kz/20240709/ulttyq-bank-zhana-kollektsiyalyq-monetalardy-aynalymga-shygarady--45569970.html
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Sputnik Қазақстан
Жаңа монеталар Қаныш Сәтбаевтың құрметіне арналып шығарылады 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T20:25+0500
2024-07-09T20:25+0500
2024-07-09T20:25+0500
ұлттық банк
монета
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468194_0:160:3075:1889_1920x0_80_0_0_11435317f8a282283be2c40a8385ef0b.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.Қаныш Сәтбаев – кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.Монеталар:- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;Биколорлы монетаның бейнесі- мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.Монетаның барлық түрін Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдауға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468194_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3fa3b8f314736065964da5f1a81bfff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, монета
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Жаңа монеталар Қаныш Сәтбаевтың құрметіне арналып шығарылады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.
Қаныш Сәтбаев – кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.
- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
Биколорлы монетаның бейнесі
- мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Монетаның барлық түрін Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдауға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.