Қызылордада пара алды деген күдікпен полицейлер ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Тергеу соты күдіктілерге қатысты "үй қамағына алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген
АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында екі полиция қызметкері парамен ұсталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша Қармақшы ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкері мен учаскелік полиция инспекторын ұстады", - дейді ведомство.
Тергеу соты күдіктілерге қатысты "үй қамағына алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотына жіберілген.
Жаңалықтар
0