Қарағанды облысында 19 мектеп директоры жауапқа тартылды

© Sputnik / Ирина АдамоваШкола в здании бани
Школа в здании бани - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Қарағанды облысының Нұра ауданында 19 мектеп директоры әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Нұра ауданының прокуратурасы аудандағы білім беру ұйымдарында өткізген тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заң бұзушылықты анықтады", - деп хабарлады прокуратура.
Атап айтқанда, ауданның кейбір мектептерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылған. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер анықталған. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапқа, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0