https://sputnik.kz/20240709/politsiya-zhastardy-bopsalaumen-aynalysqan-qylmystyq-toptardy-ustady-45555739.html
Полиция жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады
Полиция жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T09:43+0500
2024-07-09T09:43+0500
2024-07-09T09:43+0500
бопсалау
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған.Полиция сондай-ақ Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын атап өтті.Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған.Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер суицид жасауға дейін барған.Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бопсалау
Полиция жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады
Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған.
"Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдылығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Полиция сондай-ақ Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын атап өтті.
Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған.
Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер суицид жасауға дейін барған.
"Осындай оқиғалардың бірінде қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге оқталған", - деп жазылған хабарламада.
Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.