https://sputnik.kz/20240709/marzhyqpaev-toqaevqa-olimpiadaga-qansha-sportshy-baratynyn-aytty-45559403.html
Маржықпаев Тоқаевқа Олимпиадаға қанша спортшы баратынын айтты
Маржықпаев Тоқаевқа Олимпиадаға қанша спортшы баратынын айтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T12:48+0500
2024-07-09T12:48+0500
2024-07-09T13:11+0500
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44857276_0:146:2795:1718_1920x0_80_0_0_5649e11a590d94578c38fb3c6b78770d.jpg
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берілді. Сондай-ақ лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды.Министрдің айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44857276_156:0:2640:1863_1920x0_80_0_0_d5f10814b2042d0be8013645fb53e986.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары
Маржықпаев Тоқаевқа Олимпиадаға қанша спортшы баратынын айтты
12:48 09.07.2024 (жаңартылды: 13:11 09.07.2024) Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берілді. Сондай-ақ лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды.
Министрдің айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
"Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Сонымен қатар спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.