https://sputnik.kz/20240709/dari-darmek-bir-zhylda-12-qymbattady-45560800.html
Дәрі-дәрмек бір жылда 12% қымбаттады
Дәрі-дәрмек бір жылда 12% қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 590,6 млн доллар болды 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T13:59+0500
2024-07-09T13:59+0500
2024-07-09T13:59+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_0:50:1001:613_1920x0_80_0_0_db6c02afae4339e174020de08c4871be.jpg
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 70,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырына қарағанда құндық мәнде 15,8%-ке артық, деп хабарлады Energyprom.kz.Оның ішінде құрамында алкалоидтар немесе олардың туындылары бар дәрілерге 15 млрд тг, құрамында пенициллин және басқа антибиотиктер бар дәрілерге 867,4 млн тг, гормондары бар дәрілерге 8,5 млн тг жұмсалды.Өңірлік бөліністе ең көп дәрі-дәрмек Шымкентте өндірілді: мұнда өндіріс көлемі 29,1 млрд теңгеге жетті. Көшбасшылар үштігіне Қарағанды (17,9 млрд теңге) және Алматы (13,3 млрд теңге) облыстары кірді.Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 590,6 млн доллар болды. Заттай өсім 7,8%-ке, ақшалай өсім бірден 29,3%-ке жетті. ТМД елдерінен біздің республикаға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларына қарағанда 38%-ке көп. Сондай-ақ Қазақстанға дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілерінің қатарында Беларусь (670,9 тонна) және Украина (233,7 тонна) бар. Қалған елдерден Қазақстан 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ке аз.Ең көп дәрі-дәрмек:Биыл мамырда фармацевтикалық препараттардың бағасы жылдық қарқынмен 11,5%-ке өсті. Әсіресе Астанада, Шымкент, Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында баға едәуір қымбаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_58:0:941:662_1920x0_80_0_0_3b2b81cf7e6b20c9637a7729d3a9f524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек бір жылда 12% қымбаттады
Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 590,6 млн доллар болды
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 70,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырына қарағанда құндық мәнде 15,8%-ке артық, деп хабарлады Energyprom.kz.
Оның ішінде құрамында алкалоидтар немесе олардың туындылары бар дәрілерге 15 млрд тг, құрамында пенициллин және басқа антибиотиктер бар дәрілерге 867,4 млн тг, гормондары бар дәрілерге 8,5 млн тг жұмсалды.
Өңірлік бөліністе ең көп дәрі-дәрмек Шымкентте өндірілді: мұнда өндіріс көлемі 29,1 млрд теңгеге жетті. Көшбасшылар үштігіне Қарағанды (17,9 млрд теңге) және Алматы (13,3 млрд теңге) облыстары кірді.
Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 590,6 млн доллар болды. Заттай өсім 7,8%-ке, ақшалай өсім бірден 29,3%-ке жетті. ТМД елдерінен біздің республикаға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларына қарағанда 38%-ке көп. Сондай-ақ Қазақстанға дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілерінің қатарында Беларусь (670,9 тонна) және Украина (233,7 тонна) бар. Қалған елдерден Қазақстан 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ке аз.
Қытайдан - 1,2 мың тонна,
Германиядан - 880,7 тонна,
Үндістаннан - 850,9 тонна,
Польшадан - 442,1 тонна келді.
Биыл мамырда фармацевтикалық препараттардың бағасы жылдық қарқынмен 11,5%-ке өсті. Әсіресе Астанада, Шымкент, Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында баға едәуір қымбаттады.