https://sputnik.kz/20240709/biyl-12-myn-shaqyrym-zholda-qurylys-zhumystary-zhurgiziledi-45556268.html
Биыл 12 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Биыл 12 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T10:18+0500
2024-07-09T10:18+0500
2024-07-09T10:20+0500
жол жөндеу
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34326670_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_8dd75c35f02e106574c3a5a171d8b861.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Биыл 12 мың шақырым жолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.Бүгінгі күні автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мыңы жергілікті жолдарға жатады.Жыл соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.Жоспарға сәйкес 1 955 шақырымды құрайтын 4 автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 656 бірлік техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылған:Ұзындығы 879 шақырым болатын "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі.Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде.Сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын "Атырау – Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" жобалары іске асырылуда. Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде.Жалпы жыл соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34326670_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_a86a7058f315a0b236b08f5a4b7f3c0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жөндеу
Биыл 12 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі
10:18 09.07.2024 (жаңартылды: 10:20 09.07.2024) Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Биыл 12 мың шақырым жолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Бүгінгі күні автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мыңы жергілікті жолдарға жатады.
"Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі", — деді Қарабаев.
Жыл соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.
Жоспарға сәйкес 1 955 шақырымды құрайтын 4 автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 656 бірлік техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылған:
Ұзындығы 879 шақырым болатын "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі.
"Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автожолының 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты, ал үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген", - деп толықтырды министр.
Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде.
Сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын "Атырау – Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" жобалары іске асырылуда. Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде.
Жалпы жыл соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылады.