БАМ құрлысшылары назардан тыс қалмаса екен - ардагер

© Photo : из личного архиваСтроительницы БАМа
Строительницы БАМа - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Байкал-Амур магистралінің салынғанына биыл 50 жыл толып отыр
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Байкал-Амур магистралінің құрылысына жарты ғасыр уақыт өтті. Бұл тарихи магистральді салуға құрылысшылар Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келді. Қазақ КСР еріктілері де өз үлесін қосты. Олардың алдында міндет – соқа тимеген, адам аяғы баспаған жерде жаңа станция салу. Sputnik Қазақстан тілшісі алғашқы құрылыс жасағында еңбек еткен Павлодар құрылыс ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Надежда Ивановна Загорулькодан сұхбат алды.
1981 жылы 9 желтоқсанда Қазақстаннан Павлодар құрылысшылары алғашқылардың бірі болып Байкал–Амур магистралінде темір жол станциясын салуға аттанды.
© Photo : из личного архиваНадежда Загорулько Жаңа Чара құрылысына қатысты
Строительницы БАМа - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Надежда Загорулько Жаңа Чара құрылысына қатысты
Солардың бірі - Надежда Загорулько, ол сол жылдары кадр бөлімінің басшысы болып еңбек еткен.
“Мәңгілік мұз басып жатқан жаққа аттандық. Ол жақта тіршілік қалай, қалай өмір сүреміз, бізді не күтіп тұр, бәрінен бейхабармыз. Механизаторлар, құрылысшылар, әртүрлі мамандар бар пойыз солай жолға шықты. Барлық керек-жарақ заттар мен техника тиелген. Бізді бүкіл қала болып думандатып шығарып салды, митинг болды. Біз бір Павлодар емес, жалпы Қазақ КСР-інің үмітін арқалап бара жатқан алғашқы құрылыс жасағы едік. Ол кездегі оқиғаны ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. БАМ-да 15 одақтас республиканың әрқайсысы өз станцияларын, өз ауылдарын тұрғызды. Бұл үкімет қаулысымен жасалған үлкен тарихи қадам, тарихи оқиға болды”, - дейді ардагер.
Құрылыс жасағын қыста жіберу себебі Сібір даласында жазда жүру мүмкін емес еді, дейді Надежда Ивановна.
“Қалың мұз басып, аяз боп тұрғанда бармаса ол жерге жету қиын. Жаз мезгілінде санаулы күндер ғана жылы болады, бірақ соның өзінде қалың қамыс пен саз балшық болып жатады екен. Біз сол жер тоң болып жатқанда жеттік, бірақ соның өзінде жол ауыр болды”, - дейді ол.
Елсіз-жерсіз, адам аяғы баспаған жерге жеткен қазақстандық алғашқы құрылыс жасағы қиындықпен бетпе-бет келген.
"1981 жылы 23 желтоқсанда жаңа станция салатын жерге келдік. 51 градус аяз. Өзімізбен бірге ала келген баспана вагондарымызды ә дегенде қоя алмадық, уақытша вагондар қойылды. Кәдімгі металл ұзын вагондар, буржуи пештер қойып берді", – деп еске алады Павлодар құрылыс ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Надежда Загорулько.
“Мен ол кезде 30 жаста едім. Біз ол жаққа күйеуіміз екеуміз бардық. Барлығы 84 адам аттандық. Ол кезде екі кішкентай балам болды, оларды Павлолдарға туыстарыма қалдырып кеттік, кейін жарты жылдан соң алып кеттік. Новая Чарада тағы егіз сәбиім дүниеге келді”, - дейді Надежда Ивановна.
1982 жылы көктемде Жаңа Чараға Қазақстанның басқа облыстарынан құрылысшылар келе бастаған.
© Photo : из личного архиваЖаңа Чара станциясының құрылысы
Строительницы БАМа - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Жаңа Чара станциясының құрылысы
"Жалпы сондағы барлық құрылыс Павлолардың ағаш өңдеу комбинатының өнімедерімен салынды. Павлодарда үй құрылысы комбинатының жанында “КГД БАМ” деген цех болды. Құрылыс затттарын осы цех жасап шығаратын. Сібірде құрылыс бастамас бұрын Павлодарда экспериментальді үй тұрғызды. Өйткені Сібір сейсмикалық аймаққа жатады. Экспериментальды үй жер сілкінісіне қаншалықты төтеп бере алатынын көз жеткіздік. Тек содан кейін ғана Жаңа Чарада дәл осында үйлер тұрғыздық", - дейді Надежда Загорулько.
Павлодардағы құрылыс материалдары Сібірге чартерлік ұшақ арқылы айына бір рет жеткізіліп тұрған. Байкал–Амур магистралінің бойында Жаңа Чара станциясында қазақстандық құрылысшылар балабақша, мектеп, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салған. Бұл - Сібір даласындағы тарихи құрылыс.
“Біз ол жақта 10 жыл жұмыс істедік. Алғашқы кезде үш жыл жұмыс істеу туралы келісімшарт болды. Біз отансүйгіш едік, бойымызда рухымыз мықты. Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігіміз керемет еді. Қазіргі күні Жаңа Чарада шамамен 8-9 мың тұрғын тұрады. Біздің өтінішіміз - БАМ құрылысын салған жандар назардан тыс қалмаса дейміз. Өйткені міне жарты ғасыр өтті. Біртіндеп барлығы көмескіленіп келеді, бара-бара тарихтан өшіп кетеміз бе деп те қорқамын”, - дейді Надежда Ивановна.
Байкало-Амурская магистраль (БАМ), укладка железнодорожного полотна - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2024
БАМ құрылысына қазақстандық әйелдер қалай қатысты
Жаңалықтар
0