Астанада ата-аналар баласын мектепке орналастыру үшін ұзын-сонар кезекте тұр

© Photo : Пресс-служба акимата АстаныНовая школа в Астане
Новая школа в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Астанада №71 мектеп жанындағы ұзын-сонар кезектен мезі болып, шу шығарған ата-аналардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Астанада балаларын "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынған оқу орындарына орналастыру үшін ата-аналар түнімен кезекте тұруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанада №71 мектеп жанындағы ұзын-сонар кезектен мезі болып, шу шығарған ата-аналардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді. Астана әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
"9 шілдеден бастап "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде орналасқан №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүргізілгендіктен, бұл кезектің пайда болуына әкелді. Egov электрондық жүйесінде мектепке тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған", - деп түсіндірді ведомство.
Қазіргі уақытта ата-аналардан құжаттарды қабылдайтын адамдардың саны екі есеге артқан. Сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын "SmartNotion" құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр, дейді әкімдік.
Жергілікті биліктің айтуынша, Құжаттарды қабылдауға және білім беру ұйымдарына оқуға түсуге электрондық өтініш беру нұсқаулығымен mektep.snation.kz порталынан танысуға болады.
Электрондық қабылдау жалпы сегіз жаңа жайлы мектепте жүргізіледі:
1.
№ 104 орта мектеп, Орынбор к-сі және № 37 ("SOHO" ТК ауданы);
2.
№ 103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі (мешіт ауданы);
3.
№ 99 орта мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері ("Поколение" тұрғын үй кешені);
4.
№ 101 орта мектеп, Төле би және Е758 көшелері (Зеленый квартал);
5.
№ 111 орта мектеп, Төле би - 24 көшесі (Барыс Арена север);
6.
№ 106 орта мектеп, С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
7.
№ 105 орта мектеп, “Көктал” тұрғын алабы, Ұлытау көшесі - Наурыз көшесі ауданы;
8.
№ 102 орта мектеп, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі мектеп, № 9 үй ауданы ("Highvill"ТК).
Жаңалықтар
0