https://sputnik.kz/20240708/mangystau-oblysynda-khalyqaralyq-askeri-oqu-zhattygu-otedi-45552709.html
Маңғыстау облысында халықаралық әскери оқу-жаттығу өтеді
Маңғыстау облысында халықаралық әскери оқу-жаттығу өтеді
Sputnik Қазақстан
Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады 08.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-08T18:59+0500
2024-07-08T18:59+0500
2024-07-08T18:59+0500
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38199504_0:6:1280:726_1920x0_80_0_0_8454eb6aab3688ed02e0b240f2e9ac9e.jpg
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында "Бірлестік-2024" өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.Оқу-жаттығуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады.Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Тактикалық эпизодтарға жердегі және әуедегі барлау топтары, теңіз арнайы күштері, армиялық және майдандық авиация экипаждары, әскери кемелер мен катерлер, артиллериялық есептоптар, шабуылдаушы және танк бөлімшелері қатысады.Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, "Бағдар" тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38199504_153:0:1128:731_1920x0_80_0_0_77fdf32ae89bab1054a2803eb6c55879.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-жаттығулар
Маңғыстау облысында халықаралық әскери оқу-жаттығу өтеді
Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында "Бірлестік-2024" өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оқу-жаттығуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады.
"Әскери маневрлер "Оймаша" полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді. 8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.
Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Тактикалық эпизодтарға жердегі және әуедегі барлау топтары, теңіз арнайы күштері, армиялық және майдандық авиация экипаждары, әскери кемелер мен катерлер, артиллериялық есептоптар, шабуылдаушы және танк бөлімшелері қатысады.
Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, "Бағдар" тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.