Ұлттық қорға түсетін табыстан шығыны екі есе көп – сенат төрағасы

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұлттық қордың негізгі проблемасын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Спикердің айтуынша, бүгінде ұлттық қордың көлемін арттыру мен инвестициялық табысын ұлғайтудан бұрын шығындардың мәселесі маңызды болып тұр.
"Бүгінде біз бюджетке түсетін табыстан екі есе көп ақша жұмсаймыз. Мәселе сонда. Әрине, минералды ресурсқа бай жеріміз үшін құдайға мың шүкіршілік дейміз. Ол да жақсы. Бірақ ақшаны көп жұмсағанда инфляция күшейеді, баға көтеріле бастайды. Экономикада ақша көп болса, сұраныс да көбейеді ғой, демек, бағалар да өседі", - деді Әшімбаев аналитика мектебінде өткен кездесуде.
Осы орайда спикер ұлттық банктің базалық мөлшерлемені не үшін көтеретінін еске салды. Инфляция өскенде базалық мөлшерлеме көтеріледі. Бірақ кәсіпкерлер арзан кредит ала алмайды. Соның салдарынан іскерлік белсенділік төмендейді. Осылайша, біз ақшаны көп жұмсап, экономиканы тежейміз.
"Қарапайым мысалмен түсіндірейін, кішкентай балаға өсу үшін майлар, ақуыздар мен көмірсулар керек. Ал оған күнде тамақты шамадан тыс көп берсе, дені сау адам болып өспейді ғой, ауру болады. Себебі адам ағзасындағы барлық процестер бір-бірімен байланысты. Сол сияқты экономикаға да артық ақша салуға болмайды. Қазір ұлттық қордың негізгі проблемасы сол",- деп атап көрсетті Әшімбаев.
Жаңалықтар
0