ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады - видео

© Ішкі істер министрлігіШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады
ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2024
Жазылу
Домбыра күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.
Музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.
"Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін", - деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.
Жаңалықтар
0