Астанада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары анықталды

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада Мерейлі отбасы байқауының жеңімпаздары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2024
Жазылу
Жүзден жүйрік шыққан Әділбаевтар отбасы "Мерейлі отбасы-2024" ұлттық байқауының республикалық сайысына жолдама алды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астана қаласындағы Жастар сарайында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған жарыстың қортындысы бойынша Алматы ауданынан "Үлгілі отбасы" номицациясының иегері – Сатыбаевтар отбасы болса, "Өнегелі отбасы" номинациясымен Широкорадовтар отбасы марапатталып, жеңімпаз Сәмек әулеті болды.
"Байқоңыр ауданы бойынша Красниковтер шаңырағы "Салауатты отбасы" номинациясына ие болса, Көптілеу әулеті "Ұлағатты отбасы" деп танылды", - деп хабарлады әкімдік.
Ал Қуановтар отбасы Байқоңыр ауданы бойынша жеңімпаз деп бағаланды.
Есіл ауданының номинаттарының ішінен "Қайсар отбасы" номинациясына Рақымжановтар шаңырағы лайық деп табылса, Базарбай әулеті "Зерек отбасы" номинациясына ие болды. Жеңімпаз – Свановтар отбасы деп танылды.
Сондай-ақ Сарыарқа ауданы бойынша ең патриот отбасы – Дауыл отбасы болса, ең парасатты отбасы Нурбалиндер отбасы, жеңімпазы – Сембаевтар әулеті болды.
Нұра ауданы бойынша арнайы аталымға ие болған Бибосыновтар отбасы болса, аталған ауданның ең дарынды отбасы номинациясы Ермағанбеттер отбасына берілсе, бұл аудан бойынша жеңімпаздық Қонақбаевтар отбасына бұйырды.
"Ал мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан Әділбаевтар отбасы Астана қаласы бойынша жеңімпаз деп танылып, "Мерейлі отбасы-2024" ұлттық байқауының республикалық сайысына жолдама алды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл отбасы ұлттық құндылықтарды басты назарда ұстап, отбасының ең басты құндылықтары ретінде ұлттық спорт, ұлттық киім, ұлттық тағамды көрсеткен. Аталған отбасының балалары да осы бағытта тәрбиеленіп, қоғамға ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.
Жалпы бұл ұлттық байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Жаңалықтар
0