Астанада абаттандырылған 20 аула ашылды

© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыАстанада қала күніне орай абаттандырылған 20 аула ашылды
Астанада қала күніне орай абаттандырылған 20 аула ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2024
Жазылу
"Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астанада қала күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы мен 3 қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесінде 8, 10, 12, мен 12/1 үйлер. Барлығы "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылды.
"Соның нәтижесінде 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды, сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды. Аталған аула кешенінің ашылуы Астана күніне орай салтанатты түрде аталып өтті", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде Байқоңыр ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.
Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік ашылды. Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Алматыда 800-ге жуық аялдама жуылып, тазаланады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Алматыда 800-ге жуық аялдама жуылып, тазаланады
Жаңалықтар
0