https://sputnik.kz/20240706/aleksey-borodavkin-astana-shirkeu-okruginin-din-qyzmetkerine-dostyq-ordenin-tabys-etti-45533514.html
Бородавкин Астана шіркеу округінің дін қызметкеріне Достық орденін табыс етті
Бородавкин Астана шіркеу округінің дін қызметкеріне Достық орденін табыс етті
Sputnik Қазақстан
Алексей Бородавкин архимандрит Сергийге Ресей мен Қазақстан арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалогты тереңдетуге үлес қосқан көп жылғы еңбегі үшін... 06.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-06T20:00+0500
2024-07-06T20:00+0500
2024-07-06T20:18+0500
дін қызметкері
https://sputnik.kz/img/07e8/07/06/45530851_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_15d77a1efdddd5887beda5734d52dd53.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин архимандрит Сергийге Достық орденін табыс етті. Бұл туралы елшілік хабарлады.Елші Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сәйкес Орыс православие шіркеуінің Астана және Алматы епархиясы Астана шіркеу округінің дін қызметкері, архимандритке рухани байланыстарды дамытуға, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін жоғары награда тапсырды.Марапаттау рәсімінде елші архимандрит Сергийге Ресей мен Қазақстан арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалогты тереңдетуге қосқан көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оның Орыс православие шіркеуінің дәстүрін сақтауға қосқан елеулі үлесі мен күш-жігерін атап өтті.Сергий әкей жоғары награда үшін алғысын білдірді. Православие шіркеуінің қызметі алдағы уақытта да халықты тәрбиелеуге, Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/06/45530851_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_247c08a54a1fd5a5a8d2082a63296333.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дін қызметкері
Бородавкин Астана шіркеу округінің дін қызметкеріне Достық орденін табыс етті
20:00 06.07.2024 (жаңартылды: 20:18 06.07.2024) Алексей Бородавкин архимандрит Сергийге Ресей мен Қазақстан арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалогты тереңдетуге үлес қосқан көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин архимандрит Сергийге Достық орденін табыс етті. Бұл туралы елшілік хабарлады.
Елші Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сәйкес Орыс православие шіркеуінің Астана және Алматы епархиясы Астана шіркеу округінің дін қызметкері, архимандритке рухани байланыстарды дамытуға, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін жоғары награда тапсырды.
Марапаттау рәсімінде елші архимандрит Сергийге Ресей мен Қазақстан арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалогты тереңдетуге қосқан көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оның Орыс православие шіркеуінің дәстүрін сақтауға қосқан елеулі үлесі мен күш-жігерін атап өтті.
Сергий әкей жоғары награда үшін алғысын білдірді. Православие шіркеуінің қызметі алдағы уақытта да халықты тәрбиелеуге, Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.