Жұманғарин мен ЕЭК министрі ЕАЭО көлік нарығын дамыту мәселесін талқылады

© Photo : сайт ЕЭКАрзыбек Кожошев обсудил развитие рынка транспорта ЕАЭС с руководством Казахстана
Арзыбек Кожошев обсудил развитие рынка транспорта ЕАЭС с руководством Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Кездесуде кеме қатынасы мен каботаждық автомобиль тасымалын дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин Астанада ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевпен кездесті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
"Арзыбек Қожошев ЕЭК кеңесінің мүшесін көлік интеграциясы бойынша ЕЭК көлік блогының жұмысы туралы, бірінші кезекте 2024-2026 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру бойынша "Жол картасын" дайындау туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.
Министрдің айтуынша, құжат тұтастай келісілген. Алайда азаматтық авиация мәселелері бойынша түбегейлі келіспеушіліктер бар. Тараптар әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру тәсілдерінде консенсусқа қол жеткізген жоқ.
"Авиация билік басшылары бұл мәселені 15 шілдеде талқылайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кездесуде кеме қатынасы мен каботаждық автомобиль тасымалын дамыту мәселелері талқыланды.
"Қожошев қабылданған құжаттарға сәйкес Қазақстан 2025 жылдан бастап жүктерді каботаждық автомобиль тасымалдарын кезең – кезеңімен ырықтандыру бағдарламасын іске асыруға қосылатынын атап өтті", - делінген хабарламада.
ЕАЭО мемлекеттері осы бағдарлама бойынша ұлттық заңнамаға каботаждық көліктік жүк тасымалдарын жүзеге асыру құқығын белгілейтін нормалар пайда болуы үшін түзетулер қабылдауы қажет, деп атап өтті комиссия.
Сондықтан Қожошев осы мәселелерді шешіп, келесі жылы Қазақстанда бағдарламаның іске қосылуын қамтамасыз ету үшін комиссияға хабарлауды сұрады.
Жаңалықтар
0