Сарапшылар Астанада өткен ШЫҰ саммитінің қорытындысын талқылап жатыр – видеокөпір
13:09 05.07.2024 (жаңартылды: 13:45 05.07.2024)
© Sputnik
Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша Астана-Мәскеу-Минск-Бішкек-Ташкент видеокөпірі басталды.
4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Іс-шараға Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Әзербайжан, Қатар, Моңғолия және Түркияның мемлекет және үкімет басшылары қатысты.
Саммит нәтижесінде Беларусьтің ШЫҰ-ға кіруіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Ұйымның бас хатшысы Чжан Миннің айтуынша, бұл шешім тарихи серпіліс болды.
Астанада:
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.
Мәскеуде:
Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Артем Туров,
РУДН университеті стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының директоры Дмитрий Егорченков.
Минскіде:
саяси сарапшы, Беларусь журналистер одағының басқарма төрағасы Андрей Кривошеев.
Ташкентте:
Әлемдік экономика және дипломатия университеті саясаттану кафедрасының доценті Ранохон Тұрсынова.
Бішкекте:
экономист Нұргүл Әкімова.