https://sputnik.kz/20240705/qytay-qazaqstannan-zhylyna-20-myn-tonna-shoshqa-etin-importtaudy-zhosparlap-otyr-45487346.html
Қытай Қазақстаннан жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауды жоспарлап отыр
Қытай Қазақстаннан жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ біз қой мен сиыр етін жеткізуге мүдделіміз, деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының өкілі 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T09:52+0500
2024-07-05T09:52+0500
2024-07-05T09:52+0500
астана шыұ-2024
қытай
https://sputnik.kz/img/237/93/2379316_0:43:2916:1683_1920x0_80_0_0_a5115a3fac96acd1e474e4d1676d4246.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы аясында Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы "EMC Agro" өнеркәсіп кешенінде болды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді. Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді.Сапаны бақылауды тәулік бойы неміс анализаторларымен жабдықталған зертхана қамтамасыз етеді. Дайын өнім арнайы мұздатқыш цехта сақталады.Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.Өз кезегінде, "EMC Agro" компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын."Қытайдың талаптары жоғары екенін түсіну керек. Жеткізу көлемі тұрақты, шикізат қауіпсіз болуы тиіс. Біздің етіміз жоғары сапалы, біз өз өнімімізге күмән келтірмейміз, жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Көрші нарық біз үшін маңызды", - деді "ЕМС Аgro" компаниясының басшысы Ержан Елеубаев.Айта кетері, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлердің алдына азық-түлік қауіпсіздігімен қатар зауыттардың өндірістік базасын кеңейту, қазақстандықтарды сапалы өніммен, ал инвесторларды үздіксіз экспортпен қамтамасыз ету міндетін қойды.Қытай ет қауымдастығы ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік болып табылады және оған 1300-ге жуық мүше кіреді.Ал "EMC Аgro" – Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/93/2379316_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_5cfd32467449257353757f404cbd0333.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай
Қытай Қазақстаннан жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауды жоспарлап отыр
Сондай-ақ біз қой мен сиыр етін жеткізуге мүдделіміз, деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының өкілі
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы аясында Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы "EMC Agro" өнеркәсіп кешенінде болды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді. Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді.
Сапаны бақылауды тәулік бойы неміс анализаторларымен жабдықталған зертхана қамтамасыз етеді. Дайын өнім арнайы мұздатқыш цехта сақталады.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде, "EMC Agro" компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын.
"Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз", - деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн.
"Қытайдың талаптары жоғары екенін түсіну керек. Жеткізу көлемі тұрақты, шикізат қауіпсіз болуы тиіс. Біздің етіміз жоғары сапалы, біз өз өнімімізге күмән келтірмейміз, жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Көрші нарық біз үшін маңызды", - деді "ЕМС Аgro" компаниясының басшысы Ержан Елеубаев.
Айта кетері, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлердің алдына азық-түлік қауіпсіздігімен қатар зауыттардың өндірістік базасын кеңейту, қазақстандықтарды сапалы өніммен, ал инвесторларды үздіксіз экспортпен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Қытай ет қауымдастығы ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік болып табылады және оған 1300-ге жуық мүше кіреді.
Ал "EMC Аgro" – Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.