https://sputnik.kz/20240705/qazmunaygaz-suyytylgan-gaz-narygyndagy-akhualga-baylanysty-tusinikteme-berdi-45506992.html
"ҚазМұнайГаз" сұйытылған газ нарығындағы ахуалға байланысты түсініктеме берді
"ҚазМұнайГаз" сұйытылған газ нарығындағы ахуалға байланысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Үш мұнай өңдеу зауытының өндірісі 50%-дан аспайды 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T22:19+0500
2024-07-05T22:19+0500
2024-07-05T22:19+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_db07703110083a3f68a93e628c7ff244.jpg
АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ зауыттары Қазақстан энергетика министрлігінің жеткізу жоспарына сәйкес сұйытылған газды толық көлемде өндіреді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз"Маусым айында Атырау мұнай өңдеу зауыты 16,7 мың тонна сұйытылған газ өндірді. Бұл энергетика министрлігінің сұйытылған газ жеткізу бойынша негізгі жоспарынан 1,9 мың тоннаға артық.Павлодар мұнай-химия зауыты – 13,1 мың тонна өндірді. Бұл жоспардан 1,2 мың тоннаға артық. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 29 мың тонна өндірді. Жоспардан 2,7 мың тоннаға артық.4 шілдедегі жағдай бойынша Атырау мұнай өңдеу зауыты 1,5 мың тонна газ, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 3 мың тонна газ шығарды. Өндіріс пен жөнелту жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр.Шілдеде Атырау мұнай өңдеу зауыты барлығы 16 мың тонна, Шымкент зауыты 28 мың тонна газ өндіруді жоспарлап отыр."ҚазМұнайГаздың" үш мұнай өңдеу зауытында тауар нарығы үшін сұйытылған көмірсутек газының орташа айлық өндірісі – 67 мың тонна. Соның ішінде жөндеу жүретін айларды есепке алмағанда. Атырау мұнай өңдеу зауыты – 18 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты – 22 мың тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 27 мың тонна газ шығарады."Қазақстан бойынша жиынтықты орташа айлық өндіру көлемі – шамамен 130-140 мың тонна, үш мұнай өңдеу зауытының өндірісі 50%-дан аспайды", - делінген компания хабарламасында.Компанияның мәліметінше, Түркістан облысының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ресурсынан қосымша 2 052 тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 684 тонна бөлінді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_266053d746a4acfabf7a240990a25c4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
"ҚазМұнайГаз" сұйытылған газ нарығындағы ахуалға байланысты түсініктеме берді
Үш мұнай өңдеу зауытының өндірісі 50%-дан аспайды
АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ зауыттары Қазақстан энергетика министрлігінің жеткізу жоспарына сәйкес сұйытылған газды толық көлемде өндіреді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз"
Маусым айында Атырау мұнай өңдеу зауыты 16,7 мың тонна сұйытылған газ өндірді. Бұл энергетика министрлігінің сұйытылған газ жеткізу бойынша негізгі жоспарынан 1,9 мың тоннаға артық.
Павлодар мұнай-химия зауыты – 13,1 мың тонна өндірді. Бұл жоспардан 1,2 мың тоннаға артық. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 29 мың тонна өндірді. Жоспардан 2,7 мың тоннаға артық.
"Өндірілген сұйытылған газ өңірлерге энергетика министрлігінің бөлуіне сәйкес жөнелтілді", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз.
4 шілдедегі жағдай бойынша Атырау мұнай өңдеу зауыты 1,5 мың тонна газ, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 3 мың тонна газ шығарды. Өндіріс пен жөнелту жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр.
Шілдеде Атырау мұнай өңдеу зауыты барлығы 16 мың тонна, Шымкент зауыты 28 мың тонна газ өндіруді жоспарлап отыр.
"ҚазМұнайГаздың" үш мұнай өңдеу зауытында тауар нарығы үшін сұйытылған көмірсутек газының орташа айлық өндірісі – 67 мың тонна. Соның ішінде жөндеу жүретін айларды есепке алмағанда. Атырау мұнай өңдеу зауыты – 18 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты – 22 мың тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 27 мың тонна газ шығарады.
"Қазақстан бойынша жиынтықты орташа айлық өндіру көлемі – шамамен 130-140 мың тонна, үш мұнай өңдеу зауытының өндірісі 50%-дан аспайды", - делінген компания хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, Түркістан облысының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ресурсынан қосымша 2 052 тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 684 тонна бөлінді.