Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражаты жеке қолға беріле бастады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Алматыда бірнеше басқарушы компаниялардың өкілдерімен келісімге қол қойылды
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ) активтерін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру басталғанын хабарлады.
"Қаражатты беру ҰБК-ның бағалы қағаздар нарығын дамыту және еншілес ұйымдардың активтерін басқарудан біртіндеп кету жөніндегі стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылады", - деді Ұлттық банк.
Алматыда бірнеше басқарушы компаниялардың өкілдерімен келісімге қол қою рәсімі өтті. Ұлттық банк активтердің тек бір бөлігі ғана берілгенін айтты. ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев берілетін активтерді сақтау үшін барлық шара қабылданып жатқанына сендірді.
"Біз тәуекелдерді бағаладық және жеке компаниялар үшін инвестициялық саясатты әзірледік, оған сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және өтеу мерзімі үш жылға дейінгі халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары, сондай-ақ кері РЕПО операциялары сияқты сенімді қаржы құралдарына ғана инвестиция жасалады", - деді ол.
Оның айтуынша, шартта тәуекелдер туындаған кезде ҚДКБҚ үшін оны біржақты бұзу мүмкіндігі қарастырылған. ҰБК монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов Қазақстан қор биржасының алаңында ҚДКБҚ активтерін индекстік басқару мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар индексі әзірленіп, іске қосылғанын айтты.
"Активтерді беру отандық бағалы қағаздар нарығына елеулі серпін береді, басқарудағы активтер көлемін ұлғайту мүмкіндігі есебінен жеке басқарушы компаниялар нарығын дамытуға, сондай-ақ басқарушылар арасында бәсекелестікті күшейту есебінен берілген активтерді басқару тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады", - деді Тұрсынханов.
Бүгінгі таңда ҚДКБҚ арнайы резервінің активтерінің мөлшері 1,2 трлн теңге болды. Бастапқы кезеңде 200 млрд теңге беріледі. Активтерді одан әрі беру жеке басқарушы компаниялардың тиімділік көрсеткіштеріне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0